Шектеу жеті облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 54 учаскесіне қатысты.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 7 облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың 54 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Жолдардың жабылғаны туралы ақпарат Қазавтожолдың әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
8 желтоқсан күні сағат 20.00-дегі жағдай бойынша ауа температурасының -35, -38 градус аязға дейін төмендеуіне байланысты жүк, дизельдік және қоғамдық көліктер қозғалысына шектеулер енгізілді. Шектеу жеті облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 54 учаскесіне қатысты,– делінген хабарламада.
- Абай облысында – 1 учаске. "Омбы-Майқапшағай" автожолы 587 шақырымнан 733 шақырымға дейін, Павлодар облысы мен Семей қаласының шекарасы;
- Ақмола облысы – 20 учаске. Барлық бағыттар бойынша;
- Ақтөбе облысы – 2 учаске. 1. "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" тас жолы, нөлден 234 шақырымға дейін. Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі жол;
2. "Самара-Шымкент" а/ж, 776 шақырымнан 1153 шақырымға дейін;
- Павлодар облысы – 8 учаске. Барлық бағыт бойынша;
Қарағанды облысы – 2 учаске. 1. "Қызылорда-Павлодар", 967-ден 1135 шақырымға дейін, Қарағандыдан Павлодар облысымен шекараға дейінгі жол; 2. "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара", 231 шақырымнан 234 шақырымға дейін, Павлодар облысының шекарасынан Ботақара ауылына дейінгі жол;
Қостанай облысы – 7 учаске. 1. "Жезқазған-Петропавл", 340-тан 377 шақырымға дейін, Арқалық қаласынан Ақмола облысымен шекараға дейінгі жол; 2. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған", 8-ден 232 шақырымға дейін, Тобылдан Ақмола облысымен шекараға дейінгі жол; 3. "Екатеринбург-Алматы", 418-ден 539 шақырымға дейін, Қарабалық ауылынан Қостанайға дейінгі жол; 4. "Екатеринбург-Алматы", 556 шақырымнан 729 шақырымға дейін, Тобылдан Солтүстік Қазақстан облысымен шекараға дейінгі жол; 5. "Мамлютка-Қостанай", 180-ден 404 шақырымға дейін, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Тобыл қаласына дейінгі жол; 6. "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай", 234-тен 503 шақырымға дейін, Ақтөбе облысының шекарасынан Рудныйға дейінгі жол; 7. "Денисовка-Жітіқара-Мықтыкөл-РФ шекарасы", 0-ден 137 шақырымға дейін, Денисовка ауылынан Ресей Федерациясымен шекараға дейінгі жол;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 14 учаске. 1. "Екатеринбург-Алматы", 729-дан 856 шақырымға дейінгі жол; 2. "Челябі-Новосибирск", 465-тен 655 километрге дейінгі жол; 3. "Астана-Петропавл", 341 шақырымнан 473 шақырымға дейін, Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі учаске; 4. "Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы", 11-ден 72 шақырымға дейін, Петропавлдан Ресей шекарасына дейінгі жол; 5. "Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы", 50-ден 280 шақырымға дейін, Ақмола облысының шекарасынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі учаске; 6. "Жезқазған-Петропавл", 595 шақырымнан 946 шақырымға дейін, Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі учаске; 7. "Мамлютка-Қостанай", 0-ден 180 шақырымға дейін, Мамлютка қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі жол; 8. "Көкшетау-Рузаевка", 61 шақырымнан 196 шақырымға дейін, Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейінгі жол; 9. "Қарасай батыр мемориалдық кешеніне кіру", 0-ден 24 шақырымға дейін, Саумаукөл ауылынан Мемориалдық кешенге дейінгі жол; 10. "Петерфельд-Архангельск-Новокаменка", 0-ден 30 шақырымға дейін, Петерфельд ауылынан А-16 тас жолына дейінгі жол; 11. "Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское", 0-ден 228 шақырымға дейін, Булаево қаласынан Рощинское ауылына дейінгі учаске; 12. "Рощинское-Корнеевка-Волошинка", 0-ден 86 шақырымға дейін, Рощинское ауылынан Волошинка ауылына дейінгі жол; 13. "Волошинка-Сергеевка-Тимирязево", 0-ден 119 шақырымға дейін, Волошинка ауылынан Тимирязево ауылына дейінгі жол; 14. "Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы", 0-ден 31 шақырымға дейін, Тимирязево ауылынан облыс шекарасына дейінгі жол;