10.12.2023, 07:30

Қазақстанның 6 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: pixabay.com

Жамбыл облысында қар жауып, тұман, бұрқасын күтіледі.

 

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, еліміздің 6 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атырау облысында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Өскемен, Риддер және Семей қалаларында күтілетін қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты екінші дәрежелі жағдайдың төмендігі туралы ескерту сақталады.

Түркістан, Қостанай облыстарында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Жамбыл облысында қар жауып, тұман, бұрқасын күтіледі.