$ 494.87  520.65  4.91

Зоб ауруын емдеудің жолдары қандай?

Ота жасар кезде соңғы асқынған жағдайда ғана жасаған дұрыс.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Зобтың бір атауы-«жемсау». Зоб ауруы қалқанша безінің ұлғаюынан пайда болады. Қалқанша безі адамдарда кеңірсіктің алдыңғы қабатында орналасқан.

Қалқанша безінің ұлғаюы мойының жуандауына әкеледі. Зоб ауруына шалдыққан кезде, қалқанша безінің қызметі бұзылып, қалқанша безінің гормондары не аз, не көп мөлшерде бөлінеді. Бұл ауру тек шығармашылық адамдарда ғана емес, барлық кәсіп иелерінде болады. Оның себебі, тұқымқуалаушылық, инфекциялар, психикалық жарақаттар, ағзаның әлсіреуі, шаршау, депрессия, орталық жүйке жүйелерінің, жыныс бездерінің дұрыс қызмет істемеуінен болады.

Адамдар күн тәртібіне бағынбай, түнде ұйықтамай, дер кезінде тамақтанбай шапқылап жүргендіктен болады. Оларға диффузды токсикалық зоб тән (ГРЕЙВС-БАЗЕДОВ сырқаты). Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипеплазиясы салдарынан пайда болған зоб. Есте сақтау қабілеті төмендеу, депрессияға, жүйке тозуы, терінің кеуіп, шаш түсуі, ағза температурасы төмендеу, ағзаға су жиналып, қабынудың салдарынан салмақ қосып немесе салмақ тастайды. Бет домаланып, өңі қашуы болады.

Қазақстан йод жетіспейтін аймаққа жатады. 2000 жылдан бастап йод жетіспеушілігі аурулары көбейді. Тұрғындар тағам құрамындағы йодқа ерекше мән берген жөн. Йод жетіспеушілігі тахикардия, қол дірілдеуі, аз ғана диффуздық жемсау сынды ауруларға себеп болады. Күйгелектік пайда болу, жылау, бұлшық ет әлсіздеу болады.

Асқынған жағдайда ағзадағы тұз бен су бұзылып, тамақ астындағы без ісініп, адамның көздері сыртқа шығып, беттері өзгеріп, тыныс алу қиындайды. Жүйке талшықтары қозғыштығы төмендеп, ми геометриясы өзгереді. Жүректің минуттық соғуы кемиді. Миокард гипоксиясы қалыптасады. Ас қорыту кезінде қорытылуы бұзылады. Осыдан бастап қаназдық туады. Зоб ауруын емдеу дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ережесі барлық жерде бірдей.

Зобтың түрі көп. Соның Ішіндегі көп тарағаны-эндемиялық зоб. 3 сатысы бар;
1. қалқанша безі көрінбейді, сипалағанға сезілмейді.
2. қалқанша безі көрінбейді, бірақ сипалағанда сезіледі.
3. қалқанша безі жұтынған кезде көрініп тұрады.

Адам қанының құрамындағы йод мөлшері жыл мезгіліне байланысты азайып, көбейіп отырады. Қыркүйек, қаңтар айларында қан құрамында йод мөлшері азайып, ақпанда көтеріледі. Күн ысыған кезде мамыр айларында йод жоғарылайды. Еркектерге қарағанда, әйелдер 3-4 есе көптеп ауырады. Ағзадағы йодтың 90пайызы тамақ арқылы толықтырылады. Күнделікті тағам құрамына мән берген зор.

Йод балықтарда, теңіз өнімдерінде, балдырларында, балық майында әсіресе көп. Теңіз қырыққабатында ламинарияда көп болады. Жемістерден; апельсин, лимон, банан,қауын, жүзім, ананас, құлпынай, алма, құрмада көп. Сүт, жұмыртқа, сары май, сиыр еті, бидай өнімдері өте йодқа бай. Жидектер; сарымсақ, шалқан, қызылша, картоп, кәді, сәбіз, қызанақ. Бірақ ет пен балықты қайта қайта мұздатқанда оның ішіндегі йод жойылады.
Ота жасар кезде соңғы асқынған жағдайда ғана жасаған дұрыс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары