$ 443.44  480.51  4.88

Астанада бірінші ауысым оқушылары тағы да қашықтан оқитын болды

11 желтоқсан күні ауа температурасы 27 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр.

 

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Ауа райының күрт суытуына байланысты 2023 жылғы 11 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы сайты білім басқармасына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 11 желтоқсан күні ауа температурасы 27 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр.

Қала тұрғындары мен қонақтарының жарақаттануы мен үсіп қалуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды және көшеде ұзақ уақыт болмауды сұраймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары