$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда 20 жаңа су қоймасы салынуы мүмкін

Кешенді жоспарды іске асыру 55 мыңнан астам тұрғыны бар 41 елді мекенді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Қазақстан Су кеңесінің отырысында су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның тапшылығы мәселесін шешу үшін Су саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы әзірленді.

Кешенді жоспарды іске асыру су ресурстарын 3,7 текше шақырымға, ал суармалы жер көлемін – 2,2 млн гектарға дейін ұлғайтуға, егіндік суының жыл сайынғы шығынын 3 текше шақырымға азайтып, 55 мыңнан тұрғыны бар 41 елді мекенді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мәселен, 2024-2026 жылдары 9 облыста көлемі 2,4 текше шақырым болатын 20 жаңа су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар 9 облыста көлемі 1,9 км3 қолданыстағы 15 су қоймасын күрделі жөндеу жұмыстары басталады.

Премьер-Министр жоспарланған іс-шараларды іске асыруға отандық компанияларды, оның ішінде құрылыс материалдарын өндірушілерді белсенді тарту, ал тұтынылатын су көлемін анықтау үшін ғарыштық мониторинг технологияларын дамытуды жалғастыру қажет екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары