Жандос Нұрмағанбетов 2021 жылдың 13 желтоқсанында энергетика вице-министрі болды.
Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов қызметінен кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін, Нұрмағанбетов басшылықпен жанжалдасып қалғаны үшін жұмыстан шығып кетті деген қауесет тараған болатын. Осыған қатысты министрлік түсініктеме берді.
Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында еңбек демалысына шығып, басқа жұмысқа ауысуына байланысты кейін жұмыстан босатылды.
Вице-министр мен ведомство басшылығының арасындағы кикілжің туралы желіде таралып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, –деді энергетика министрлігі.
Жандос Нұрмағанбетов 2021 жылдың 13 желтоқсанында энергетика вице-министрі болды.
1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, ҚМЭБИ-ді бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастады.