Tізімнің дұрыс не фейк екендігі қызметтік тексеріс нәтижесінен кейін ғана белгілі болады.
Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың журналистердің «Айка» тізіміне байланысты қойған сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл факт бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша жауап беретін боламыз, - деді ведомство басшысы.
Ержан Саденов тізімді кім таратуы мүмкін екеніне болжам жоқ екенін айтты.
Әлеуметтік желілерде осы ақпарат тарап кетті. Қызметтік тексеріс жұмыстарын бастап кеттік. Қазіргі таңда тексеріс жалғасып жатыр, - деп толықтырды ол сөзін.
Оның сөзінше, тізімнің дұрыс не фейк екендігі қызметтік тексеріс нәтижесінен кейін ғана белгілі болады.