$ 442.05  474.14  4.74

Қостанайда жарылыс болған ғимараттан бір адамның денесі табылды

Қазіргі сәтте іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: Қостанай облыстық ТЖД
Фото: Қостанай облыстық ТЖД

Қостанайда жарылыс болған ғимараттан екі адам құтқарылып, бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды  Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Облыстық ТЖД мәліметінше, қазіргі сәтте іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан екі адам шығарылды. Сондай-ақ ер адамның денесі табылды. Оның жеке басы анықталуда. Іздеу жалғасып жатыр, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 12.11.2023 сағат 12:36 Қостанай қаласы, Амангелді тұрғын алабында, Энергетиков көшесі 1, аумақтағы үй газ-ауа қоспасының жарылысынан кейін қираған. Салдарынан бір қабатты ғимарат толығымен опырылып, жетіге жуық адам үйінді астында қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары