Қазіргі сәтте іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Қостанайда жарылыс болған ғимараттан екі адам құтқарылып, бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Облыстық ТЖД мәліметінше, қазіргі сәтте іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан екі адам шығарылды. Сондай-ақ ер адамның денесі табылды. Оның жеке басы анықталуда. Іздеу жалғасып жатыр, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 12.11.2023 сағат 12:36 Қостанай қаласы, Амангелді тұрғын алабында, Энергетиков көшесі 1, аумақтағы үй газ-ауа қоспасының жарылысынан кейін қираған. Салдарынан бір қабатты ғимарат толығымен опырылып, жетіге жуық адам үйінді астында қалды.