11.12.2023, 15:40

Дулат Тастекей Жәнібек Әлімханұлына су жаңа автокөлік сыйлады (ВИДЕО)

Фото: 1bol.kz

Автокөлікті Жәнібек «Qazaq Style-дың» PR-мен айналысып жүрген маман Берік Сұлтанға мінгізді.

Жәнібек Әлімханұлы өзіне берген су жаңа автокөлікті PR-менеджеріне сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Алматыда өткен Жанқош Тұраровтың жекпе-жегіне қонаққа келген Жәнібек Әлімханұлын жергілікті халық ерекше қошеметпен қарсы алды.  Ал, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Дулат Тастекей әлем чемпионына су жаңа электрокар сыйлады.

Автокөлікті Жәнібек өзіне алған жоқ, «Qazaq Style-дың» PR-мен айналысып жүрген маман Берік Сұлтанға мінгізді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы супер орта салмақта WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иесі. 

Ал, Жанқош Тұраров кешегі жекпе-жекте жапон боксшысы Акихиро Кондоны жеңіп, IBO чемпиондық белбеуінен қорғады және сарапқа салынған WBA Gold белбеуін жеңіп алды.