$ 494.87  520.65  4.91

ІІМ министрі екі полицейдің 14 жастағы қызды зорлағанын растады

Олар теріс себептермен жұмыстан шығарылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов екі полиция қызметкерінің Алматыда 14 жастағы жасөспірім қызды зорлау фактісін растады, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Мәжіліс кулуарында Ержан Сәденовтен полицейлердің оқушыны зорлауға қатысы бар-жоқтығы сұралды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Өкінішке қарай, мұндай факт орын алды. Олардың қылмыс жасағаны анықталды. Бірден тәртіптік комиссия өткізілді. Олар теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Қылмыстық іс аясында қамауға алынды, - деді ол.

Министр қазір тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары