Ер адамның өлі денесі табылды деген ақпарат қате берілді.
Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті қате ақпарат таратқанын мойындады. Бүгін таңертең Қостанайдағы газ жарылысынан кейін үйінді астынан беймәлім ер адамның денесі табылғаны хабарланған еді. ТЖД басшылығы қате кеткенін мойындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін Қостанайда 7 адам қираған үйдің астында қалып қойғаны хабарланған еді.
Кейін үш адам үйінді астынан шығарылды. ТЖД соның біреуі көз жұмғанын мәлімдеген.
Ер адамның өлі денесі табылды деген ақпарат қате берілді. Құтқарылған ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. Оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
Қатты аяздың және конструкция қирандыларының көп болуы іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатып отыр.