Аязды ауа райы сақталуы арктикалық антициклон ықпалына байланысты.
Арктикалық антициклон ықпалына байланысты алдағы күндері Қазақстанның барлық аумағында аязды ауа райы сақталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 12-13 желтоқсанда еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады. Таулы аймақтарда 12 желтоқсанда қалың қар жауады.
Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жел күшейеді, таулы аймақтарда тұман түсуі мүмкін.
12 және 13 желтоқсанда ауа температурасы түнде солтүстік-батыста және орталықта 25-38 градус аязға дейін, солтүстікте 30-38 градус аязға дейін, қиыр солтүстік пен солтүстік-батыста 40-44 градусқа дейін, республиканың шығысында 20-38 градусқа дейін аяз боулы мүмкін.
14 желтоқсанда синоптиктер 32-38 градус аяз болатынын, ал кей жерлерде термометрлер 40-42 градус аязға дейін төмендейтінін айтады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 25-30 градусқа дейін, таулы аймақтарда 33-38 градусқа дейін күн суытады.
14 желтоқсаннан бастап арктикалық антициклон солтүстік-шығыс бағытта ығыса бастайды, осыған байланысты республикада ауа температурасы көтеріліп, түнде аяз біршама басылады. Түнгі уақытта батыс өңірлерде 5-16 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 15-35 градусқа дейін, солтүстікте 25-38 градусқа дейін төмендейді.