$ 494.87  520.65  4.91

Аспанға оқ атқан: Түркістандық жігіт өз тойында жауапкершілікке тартылды

Оқиға Сайрам ауданында болғаны белгілі болды.

Фото: massaget.kz
Фото: massaget.kz

Түркістан облысында үйленіп жатқан жігіт пен достары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде полицейлердің назарына той ұйымдастырған жастар ілігіпті.

Онда жігіттер шектен шығып, аспанға қандай да бір қарумен оқ атып, кортеждегі жүргізушілер жол ережесін бұзып, жол апаты жағдайын туғызғаны бейнеленген, - делінген хабарламада.

Оқиға Сайрам ауданында болғаны белгілі болды. Оқ атқан 19 жастағы тұрғыннан түсініктеме алынған. Ал оның қолындағы сигнал беретін зат болып шықты. Ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 485-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, жол ережесін бұзған Toyota Camry көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Ал Hyunday Santa Fe көлігіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі, 603-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 2-бөлігі бойынша шара қолданылды. Оған қоса Mercedes Benz жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары