$ 441.66  475.14  4.86

Шавкат Рахмонов келер жылға құрған жоспарымен бөлісті

Шавкат келесі жекпе-жегін 17 желтоқсан күні таңда Лас-Вегастағы UFC 296 жарысында өткізеді.

Фото: ©Zuffa LLC
Фото: ©Zuffa LLC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) келер жылы UFC чемпиондық атағы үшін шайқасқа шыққысы келетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мен келер жылы UFC чемпионы атағына таласқым келеді. Басты мақсатым – чемпиондық белбеуді иеленіп Қазақстанға қайту, - деді спортшы The MMA Hour-ға берген сұхбатында. 

Шавкат келесі жекпе-жегін 17 желтоқсан күні таңда Лас-Вегастағы UFC 296 жарысында өткізеді. Отандасымыз америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) шайқасады. 

Қазақстандық спортшы UFC-де алты жекпе-жек өткізіп үлгерді. Оның бесеуінде уақытынан бұрын жеңіске жетті. Қазіргі таңда жартылай орта салмақ рейтингінде 5-орында тұр. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары