$ 441.66  475.14  4.86

Танымал қазақ музыканты Darkhan Juzz-дің «Aue» альбомы «BEU» жүлдесін иеленді

Жүлде мақсаты – қазақ заманауи музыка өкілдері арасында түрлі жанрлар мен стильді танымал ету.

Фото:instagram.com/d.juzz
Фото:instagram.com/d.juzz

Алматыда «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы мен «BEU» радиосының «Beu Awards-2023» заманауи музыка жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Танымал қазақ музыканты Darkhan Juzz қайтыс болды

Шарада Darkhan Juzz атымен танымал болған қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековтың «Aue» альбомы  «Үздік  альбом» атанды. Жүлде әншінің отбасы мүшелеріне табысталды. «Aue»  - «Ozen» музыкалық лейблінің қолдауымен жарыққа шыққан әншінің аяқталмай қалған жобасы. 

Одан бөлек, Мархаба Сәбидің «Тым бөлек» әні «Үздік ән», Ақерке Амаляттың орындауындағы Ерболат Құдайбергеновтың  «Мен қазақпын» әні телевизиялық жүлденің «Үздік кавер» аталымын иеленді. «Үздік орындаушы» номинациясы «Тұмандау» әні үшін әнші Айриге және «Асықпа» әні үшін Mona Songz атымен танымал отандық әнші Манарбек Жұматайға берілді. «Ninety One» тобы жүлденің «Үздік топ» аталымы бойынша марапатталды. «Бәрі өз қолыңда» қазақстандықфильмінің саундтрегі- Мирас Жүгінісовтың орындауындағы «Саяхат» әні «Үздік саундтрек» аталымы бойынша дауыс берушілер ықыласына ие болды. 

«Орда» тобының мүшесі, әнші, продюсер Ерболат Беделхан мен «Ozen» музыкалық лейблінің негізін қалаушы Айзатулла Хуссейн ұйымдастырушылар тарапынан жүлденің «Қазақстан заманауи музыкасының дамуына қосқан үлесі үшін» жаңа аталымы бойынша марапатталды.

Жеңімпаздарды анықтау «BEU» радиосының тыңдармандары арасында әлеуметтік желілерде дауыс беру арқылы жүргізілді. Жүлде мақсаты – қазақ заманауи музыка өкілдері арасында түрлі жанрлар мен стильді танымал ету. «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының бейнемұрағатында дәстүрлі және заманауи ән өкілдерінің «Алтын қоры» сақталған. Ал «BEU» радиосының фонотекасында заманауи музыка өкілдерінің 3000-ға жуық туындысы бар.

Естеріңізге сала кетейік, Darkhan Juzz (шын есімі – Дархан Жүнісбеков) 24 ақпан күні Таиландта қаза тапты. Дарынды әншінің қазасына байланысты ҚР мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин көңіл айту жазбасын жариялады. Сондай-ақ музыканттың құрметіне Арбатта концерт ұйымдастырылады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары