Жыл басынан бері облыста 145 көлік өртеніп кеткен.
Қарағандыда 6 көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қытымыр аязға шыдас бермеген көліктерді иелері жылыту үшін қатты аязда ашық от қолданған. Одан бөлек, электр сымының тұйықталуынан от тұтанған. Сөйтіп, Қарағанды облысында өткен демалыс күндері 6 темір тұлпар өртеніп кетті.
Әсіресе ескі автокөліктерде ақаулық көп болады, дейді мамандар.
Жыл басынан бері облыста 145 көлік өртеніп кеткен. Барлық жағдайда қауіпсіздік ережелері сақталмаған.
Өрттің себебі авто от алдыру себебінен болып жатыр және көлік от алмағандықтан ашық күйінде отты қолданудан болады. Статистикаға сүйенсек былтырмен салыстырғанда биылғы көліктің жануы бірдей көрсеткіште, деді ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері Елдос Кеңесов.