«Владимир Путин тәуелсіз Украинаға мүдделі емес».
Зеленский Путинмен келіссөз бен ымыраға келу мүмкін емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол аталған мәлімдемені Аргентинаға сапары кезінде Латын Америкасының БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтқан.
Зеленскийдің айтуынша, Владимир Путин тәуелсіз Украинаға мүдделі емес, сондықтан келіссөз мүмкін емес.
Украина президенті 2014 жылы Ресей Донбасстың бір бөлігін басып алғаннан кейін Путин кең ауқымды соғысқа қарсы екенін және тек орыстілді адамдарға көмектесетінін мәлімдегенін еске салды.
Олай болса, ол неге кең ауқымды соғысқа барды? Оның айтқанының бәрі шындыққа жанаспайды. Ол тәуелсіз Украинаға мүдделі емес, оған Украина Ресейдің бір бөлігі, анклавы ретінде ғана қажет, - деді Зеленский.