$ 441.44  473.09  4.75

Қазақстандық хоккейшілер тоқтап қалған әнұранды өздері орындап шықты (ВИДЕО)

Матчтан соң ұйымдастырушылар Қазақстанның әнұранын екі мүмкіндіктен де қоса алмады.

Фото: instagram/kazakhstanhockey
Фото: instagram/kazakhstanhockey

Хоккейден жастар арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар тоқтап қалған әнұранды соңына дейін өздері орындап шықты. Спортшылардың бұл әрекеті Қазақстан хоккей федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кеше, 11 желтоқсан хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі кезекті ойында Дания ұлттық құрамасын 3:2 есебімен жеңді. Бұл ұлттық құраманың осы жарыстағы екінші жеңісі.

Матчтан соң ұйымдастырушылар Қазақстанның әнұранын екі мүмкіндіктен де қоса алмады. Десе де жас спортшылар мұзайдыннан кетпей, әнұранды жанды дауыста өздері орындап шықты. 

Айта кетейік, хоккейден Қазақстан құрамасы жастар арасындағы Әлем чемпионатындағы алғашқы екі ойында да жеңіске жетті. Топтық кезеңнің бірінші матчында Венргия құрамасын 5:2 жеңсе, кеше Дания құрамасын 3:2 есебімен қапы қалдырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары