$ 444.14  477.05  4.85

Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан Данияны жеңді

Қорытынды есеп 3:2.

 

Фото: icehockey.kz
Фото: icehockey.kz

Қазақстан құрамасы А тобындағы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионының екінші матчында Даниямен ойнады. Үшінші кезеңнің басында Бейбарыс Оразов есепті теңестірді. Бірақ қарсыластар бірден екінші шайбаны соқты. Кездесу аяқталуға үш минут қалғанда Руслан Оспанов жеңіс голын соқты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, қарсыластар ойынның 16-минутында есеп ашса, екінші кезең ешбір гол соғылмады. Олар үшінші кезеңде ғана есепті теңестіре алды, бірақ көп ұзамай даниялықтар қайтадан алға шықты. Араға екі минут салып Кирилл Ляпунов есепті 2:2-ге жеткізді.

Қорытынды есеп 3:2.

Қиын кездесу болды, олар бірінші кезеңде үстемдік етті, белсенділің танытты. Біздің жігіттер тез ес жиды, екінші-үшінші кезеңде өте жақсы ойнады. Бұл әрине қуантады. Мұндай жекпе-жекте олардың шеберлігі артады, – деді  Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Сергей Старыгин.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан 5:2 есебімен Венгрияны жеңген, ал келесі матчта Франция құрамасымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары