Жабдықтар жұмыс істеп тұрды, қазандықтар бірнеше минут ішінде бірден қайта іске қосылды.
Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр қыстың соңына дейін халықтың жылусық қалмайтынына кепілдік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл уәдесін ол 2023 жылы 12 желтоқсанда Үкіметте өткен брифинг барысында айтты.
Тіпті Роман Скляр ЖЭО мен жылу желілерін жөндеуге қанша қаражат жұмсалғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, одан журналистер «өткен демалыс күндері жылыту бойынша мәселе туындаған өңірлерде тұратын ел азаматтарына қыстың соңына дейін жылусыз қалмайтындықтарына кепілдік бере аласыз ба?» деп сұрады.
Мен кепілдік беремін. Екібастұз ЖЭО бойынша да. Көптеген БАҚ «трагедия немесе коммунальдық апат болды» деп жазыпты. Ондай ештеңе де болған да жоқ. Мен мұны өз жауапкершілігіме ала отырып мәлімдеймін. Тек екі цехтың біріне су жайылған. Дегенмен, станцияда су қоры болды. Жабдықтар жұмыс істеп тұрды, қазандықтар бірнеше минут ішінде бірден қайта іске қосылды. Тиімді әрекет коэффиценті өткен жылғы жылу маусымымен салыстырғанда өскен. Егер ол 35 гикокалория болса, қазір 100 гикокалорияны көрсетіп тұр. Сондықтан мен бұл туралы сенімді түрде айта аламын, – деді Роман Скляр.