$ 523.58  549.71  5.01

Аса қатыгездікпен қыз өлтірген экс-әкімнің баласы 1 жылға сотталды

Қызынан айырылған ана экс-шенеуніктің баласы әділ жазасын алған жоқ дейді.

Фото: КТК тв
Фото: КТК тв

Түркістан облысында аса қатыгездікпен өлтірілген қыздың анасы сот үкімімен келіспейтінін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Себебі 9-сынып оқушысы Аружан Орынбайдың өліміне кінәлілердің бірі 16 жылға сотталса, екіншісі бар болғаны бір жыл төрт айға бас бостандығы шектеліпті. Қызынан айырылған ана экс-шенеуніктің баласы әділ жазасын алған жоқ дейді.

Бейбарыс деген баланың қатысы бар екен. Бұл жерде Төлеп деген баланың шығарып бергені болып отыр. Бірақ шығарып берген күнде де, өлім болып отыр ғой. Сот шешімімен келіспеймін. Қалай үй қамаққа жібереді? Төлеп деген бұрынғы әкімнің баласы. Жазасын алсын деймін. Кімнің баласы болса да, қандай баласы болса да, олардың балалары тірі. Ал менің қызым енді жоқ, дейді қыздың анасы Динара Зілғараева.

Қанды қылмыс биыл сәуір айында болған. Төрткүл ауылының 11-сынып оқушысы мен 19 жастағы ауылдасы Аружанның жартылай жалаңаш фотосын әлеуметтік желіге жариялаймыз деп миллион теңге бопсалаған. Бірақ қыз ондай қомақты ақшасы жоқ екенін айтып, екеуінің қылмыстық әрекетін туыстарына жайып салмақшы болған. Осыдан кейін қос қаскөй 15 жастағы қызды тұншықтырып, кеудесінен екі мәрте пышақ ұрыпты. Содан соң қыздың мәйітін өз үйінің артындағы арыққа ағызып жіберген.

Өз кінәсін сол күйі мойындамаған 19 жастағы жігіт 16 жылға сотталды. Ал қылмыстың қалай болғанын айтып берген бұрынғы әкімнің 17 жастағы ұлы бір жыл төрт айға сотталды.

Сот шешімімен келіспеген Аружанның туыстары апелляцияға жүгінеміз деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары