$ 494.95  525.49  5.05

Солтүстік Қазақстан облысында 33 елді мекен картадан жойылуы мүмкін

Бар үміт - шетелдегі ағайын мен оңтүстіктен келетін келелі көште.

Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Cолтүстік Қазақстан облысында 2017-2019 жылдары аралығында 33 елді мекен жабылған, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір аймақта 6 ауыл қаңырап тұр. Жергілікті билік оңтүстік өңір мен шетелдегі ағайын көшіп келер деп үміттенеді. Ал олар келгенше осындағы жұрт қарап отыра ма? Жастар болса да болмаса да қалаға қашады.

Болашағы бұлыңғыр деп танылған елді мекендердің бірі – Балуан ауылы. Бір кездері мұнда жүзден астам шаңырақ түтін түтеткен. Кітапхана, медициналық бекет, мәдениет ошағымен бірнеше мал шаруашылығы кешені болған. Тұрғындар шартты жер үлесінен айырылған соң, айрандай ұйып отырған ауылдың берекесі қашты. Үш жыл бұрын 360 балаға арналған мектептің есігіне құлып ілінді.

2017-2019 жылдары аймақта 33 елді мекен жабылды. Қазір тағы осынша ауылда тұратын адамдардың саны 10-нан аспайды. 6 ауыл тіпті қаңырап бос тұр. Ендігі үміт – оңтүстіктен келетін келелі көште.

Биыл күнгейден солтүстікке 2,5 мың адам және алыс-жақын шетелден 183 қандас қоныс аударған. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 1,1 миллиард теңге қаржы бөлінді.

Бүгінгі күні облыста 635 ауыл бар. Әсіресе шалғайда орналасқан елді мекендердің жағдайы мүшкіл. Халық құрдымға кеткен елді мекендерді құтқарып қалу үшін, төскейге мал жайғысы келеді. Сондықтан жергілікті билік жайылым мен шабындық жерлерді кеңейтіп берсе дейді.

Жалпы аймаққа әлі де 5 мыңнан астам маман жетіспейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары