Жөндеу жұмыстарына 8 бригада, 10 бірлік техника жұмылдырылған.
Теміртауда аяздан қаладағы магистральдық су құбыры қатып қалды. Салдарынан қаланың шығыс бөлігіндегі 6 квартал тұрғындарының үйлеріне су төмендетілген гидравликамен беріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Теміртау қаласының әкімдігі мәліметінше, оқиға орнында 8 бригададан құралған топ жұмыс істеп жатыр.
Диаметрі-300 мм магистральдық су құбыры қатып қалуына байланысты қаланың шығыс бөлігіндегі алты квартал тұрғындарының үйлеріне су төмендетілген гидравликамен беріледі. Проблемалық учаске анықталды (шамамен 20 м.) сол жерде 8 бригада, 10 бірлік техника жұмыс істеуде. Мәселені қала әкімі бақылауда, - делінген хабарламада.