$ 484.11  528.79  5.03

«Ота жасалуы мүмкін». СҚО-да 12 адамды үсік шалды

Суықта дала кезіп, қатты тонып қалғанның көбі аяқ-қолын үсіріп алған.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Солтүстік Қазақстан облысында аяз басталғалы 12 адамды үсік шалды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлердің сараптамасынан кейін олардың 5-і ауруханаға жатқызылды. Суықта дала кезіп, қатты тонып қалғанның көбі аяқ-қолын үсіріп алған. Қазір науқастар медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды. Кейбіріне ота жасалуы мүмкін.

Өңірде бір аптадан бері аяздың беті қайтар емес. Ауа температурасы кей жерлерде 35-40 градусқа дейін төмендеді. Ақ халаттылар жылы киініп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.

Аязды күні жолға шығып, көлігі сынған азаматты үсік шалды. Бұл тізімде мал іздеп, ермек үшін балыққа барғандар, ішімдік ішкендер және тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар да бар. Қазір ауруханаға жатқызылған науқастар ем қабылдап жатыр, - деді қалалық көпбейінді аурухананың баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары