Көкжөтел – Bordetella тұқымдас бактериялар тудыратын жұқпалы ауру.
Қостанай облысында бес баладан көкжөтел ауруы анықталды. Дертке шалдыққандардың ішінде бір бала бір жасқа да толмаған, ал қалғаны бір жастан бес жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бес баланың да бұл инфекцияға қарсы екпе алмағаны анықталды. Үш баланың ата-анасы жеке сеніміне байланысты екпеден бас тартқан, бір бала медициналық жеңілдікке ие болса, екіншісінде екпе курсы аяқталмаған болып шықты, деп жазды Stan.kz.
"Көкжөтел – Bordetella тұқымдас бактериялар тудыратын жұқпалы ауру. Ауру катаральды белгілері бар пароксизмальды жөтелмен сипатталады. Бұл жағдайда науқаста жүрек-тамыр, тыныс алу мүшелері және жүйке жүйесі зақымдалады, – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досымова.
Көкжөтелдің инкубациялық кезеңі 3 күннен 14 күнге дейін созылады. Ең тиімді профилактикалық шара – ұлттық егу күнтізбесі бойынша балалар арасында үш реттік егу жүргізу. Балаларға вакцинация ата-анасының рұқсатымен ғана жүргізіледі.