$ 444.14  477.05  4.85

Жамбыл облысында газ құбыры жарылып, бес ауыл жылусыз қалды

Апаттан кейін олар жанармаймен жылытуға көшкен.

 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Жамбыл облысында түнде елдімекендерге апаратын магистралді газ құбыры жарылып, мыңға жуық үй жылусыз отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Аязды күні жылусыз қалған елдімекендердің қатарында Қызылқайнар, Жасөркен, Жалпақтөбе, Қызылдихан, Гродеково ауылдары бар. Мұнда сегіз әлеуметтік нысан жұмыс істейді. Апаттан кейін олар жанармаймен жылытуға көшкен.

Түнгі сағат он шамасында диаметрі 325 миллиметр орташа қысымды құбыр сегіз жерден жарылған. Мамандардың мәліметінше, құбыр қатты қысымға шыдамапты. Қазір апаттың нақты себептерін анықтау үшін талдау жүргізіліп жатыр. Ал арнайы құрылған штаб орталық құбырды ретке келтіру үшін түні бойы жұмыс істеген.

Жарылған жерлерді жалғап бітті. Қазір соңғы жалғау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шамамен бір сағаттың ішінде бітуі керек. Біткеннен кейін қысым тексеріледі. Кейін халыққа хабар беріледі. Әзірге қалпына келтіру жұмыстарына қатысты ешқандай проблема жоқ, – дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары