$ 439.43  473.31  4.82

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы Франция командасын жеңді (ВИДЕО)

Енді Қазақстан хоккейшілері 14 желтоқсанда Жапониямен кездессе, 17 желтоқсанда Австрияға қарсы айдынға шығады.

 

 

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Мажарстанның Будапешт қаласында хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының IA дивизионында Қазақстанның жастар құрамасы Франция командасын 4:0 есебімен жеңіп, қатарынан үшінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, бұған дейін жастар құрамасы Мажарстанды 5:2, Данияны 3:2 есебімен жеңген еді. Енді осы үш жеңістен кейін Қазақстан командасы IA дивизионында көш бастады. Бұл дивизионда Сергей Старыгин жаттықтыратын жастар құрамасы Австрия, Венгрия, Франция, Жапония мен Дания құрамаларымен ойнап жатыр.

Франциямен матчта қарсыластар Дәулет Нұркенов 8, 52, Егор Смолянинов 31, Александр Ким 53-минутта шайба салды. Оларға Дмитрий Бреус, Әділ Бейсембаев, Роман Ермак, Всеволод Логвин, Александр Ким, Бейбарыс Оразов, Егор Смольянинов пен Кирилл Ляпунов шабуыл ұйымдастырып, нәтижелі пас берді.

Бұл матчта Франция құрамасы да фавориттің бірі болған еді. Олар осы матчтың алдында Дания-U20 құрамасын 6:4 есебімен жеңген болатын. Оның үстіне Францияның қақпасын Канададан шақырылған Антоние Келлер күзетті. Бірақ тактикалық тұрғыда Қазақстан командасы өте сауатты ойнады. Ойында Қазақстан хоккейшілері Келлердің қақпасын 40 рет нысанаға алып, соның төртеуін ғана голға айналдырды. 40 соққының төртеуін ғана қақпаға жіберген Францияның қақпашысы шынымен де талантты екен.

Енді Қазақстан хоккейшілері 14 желтоқсанда Жапониямен кездессе, 17 желтоқсанда Австрияға қарсы айдынға шығады.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында әнұранды жатқа айтудан да көпшілікті сүйсінтті. Дания құрамасымен матчтың алдында еліміздің әнұраны ойналмай қалғанда, құраманың ойыншылары жүрек тұсына қолдарын қойып, оны жатқа айтып шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары