$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттіктерді 97 млн теңгеге алдаған жігіт 6 жылға сотталды

Тергеу барысында 20 жастағы жергілікті тұрғынның бұдан өзге де алаяқтық жайттарына қатысы бар екені белгілі болды. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкенттіктерді 97 млн теңгеге алдаған жігіт 6 жылға сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаскүнем алдымен «қайырымды» адамның кейпіне еніп, аз қамтылған отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетіп жүрген. Мүгедек ана мен екі қызының сеніміне кірген соң, мемлекеттен кезексіз пәтер алуға көмектесемін деп олардың ЖСН-ін алып, 3,5 млн теңгеге тауарлай несие рәсімдеген. Сондай-ақ қолданып жүрген телефондарын жаңартып беремін деп сендіріп, құжаттарымен алып кеткен соң қайта оралмаған. 

Тәртіп сақшылары аталған арызды ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркеп, күдіктіні қала аумағында ұстады. 

Тергеу барысында 20 жастағы жергілікті тұрғынның бұдан өзге де алаяқтық жайттарына қатысы бар екені белгілі болды. 

Нақтырақ айтқанда, ол қала аумағында валюта айырбастаумен айналысатын жеке кәсіпкердің сеніміне кіріп, оған 90 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтіргені және базардағы сатушы әйелді 3,8 млн теңгеге алдап соққаны анықталды. 

Тергеушілер айғақтар мен іс құжаттарын жинақтап сотқа жолдады. Сот жас жігітке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары