$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде Калашников автоматының өндірісі тоқтап қалды

Вице-министрдің сөзінше, локализация жоспар бойынша жылдан жылға артуы керек болған. 

Коллаж: ulysmedia.kz.
Коллаж: ulysmedia.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков өндірістің тоқтауына нарық пен қажеттіліктің шектеулі болуы себеп екенін айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бір жылдары Қазақстанда АК-74 автоматтары өндіріледі деген ақпарат шыққан. Сол қарудың өндірісі біздің елде жолға қойылды ма?, - деп сұрады журналист вице-министрден сенат кулуарында.

Азамат Бейісбеков Ақмола облысында «Тыныс» деген кәсіпорын автомат өндірісімен айналысқанын айтты.

Сол жерде ұйымдастырылды. Алайда қазір белсенді шығарылып жатқан өнім жоқ. Өйткені нарық пен қажеттілік шектеулі, - деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, локализация жоспар бойынша жылдан жылға артуы керек болған. 

Бірақ мен айтып жатқандай, қажеттілік шектеулі. Қазіргі уақытта өздеріңіз білетіндей, біздің елде қару-жарақ экспортына шектеу қойылған. Сондықтан, өндіріс қазір уақытша тоқтатылды, - деді Бейісбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары