$ 494.87  520.65  4.91

«Жер басып, аман жүрсеңіз хабарласыңыз». Еуропадан келген Жәнібектің анасының аты-жөні белгілі болды

Баладан бас тартпаған.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Еуропада өскен қазақ баласы Жәнібек Қазақстанға ата-анасын іздеп келгені туралы жазған едік. Жәнібектің биологиялық анасының аты-жөні белгілі болды. Бұл туралы «Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Анамды бір құшақтасам...». Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы ата-анасын іздейді

Қымбат қазақ халқы! Сіздерге өтінішіміз бар. Әсіресе, Ахмет Байтұрсынов ауылы, Арқалық, Ақкөл, Аққұм, Торғай ауылының халқына өтініш айтқалы тұрмыз. Мұрат Севальевке қатысты тағы да тың ақпараттар қолымызға тиіп жатыр. Күні кеше 13 парақтан тұратын құжатты алдық. Арқалықта жүрген Мұратқа хабарласып, көшірмесін алуды тапсырдық, - дейді Қымбат Досжан.

Мұраттың анасы жедел жәрдеммен Арқалық перзентханасына 2002 жылы 17 қаңтарда түскен, сол күні таңғы сағат 8:45-те Жәнібек дүниеге келеді.

Бірақ, Жәнібектің анасы 21 қаңтарда отбасылық жағдаймен кешкі 10-ға дейін үйге барып келейін деп, қолхат қалдырады. Баладан бас тартпаған. Өкінштісі, замандасымыз бұл уәдені орындамады. Сол уәдені орындайтындай үлкен мүмкіндік туып тұр. Яғни, біз анасының атын білсек те, Жәнібектің өтініші бойынша жарияламай тұрмыз. Бірақ, осы Жәнібекті туған замандас, біз сізге мынадай өтініш айтамыз. Сізді іздегенімізге бір аптадан асты. Жер басып, аман жүрсеңіз бізге хабарласыңыз. Бармысың бауырым бағдарламасы құпия түрде тек балаңызбен ғана кездестіріп, ешкімге жарияламай, құпия түрінде қалатынына уәде береміз. Сіздің жазып кеткен қолхатыңыз бұл дәрігерге емес, енді ғана дүниеге келген Жәнібек ұлыңызға берген уәде еді. Сол уәдені орындайтын сәт туды, хабарласыңызшы, біз сізді күтеміз, - деді Қымбат Досжан.

Айта кетейік, 2004 жылы Арқалықтағы балалар үйінен қазіргі бельгиялық отбасы, яғни жалғыз басты анасы асырап алуға алып кеткен. Туған анамның үшінші баласы болуым мүмкін дейді ол. Фламанд тілінде өскен ол, қазақша не орысша білмейді. Есесіне, ағылшын, испан, француз, неміс тілдерінде сөйлейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 29
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары