14.12.2023, 18:00

Фристайл-могул: Франциядағы әлем кубогында ел намысын кімдер қорғайды

Фото: Olympic.kz

Айта кетейік, фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасын Елена Круглыхина жаттықтырады. 

Алдағы күндері Францияның Альп-д’Юэз курортты аймағында фристайл-могулдан әлем кубогы өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған жарыста Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды. 

Атап айтсақ, әлем кубогы кезеңінде Анастасия Городко, Павел Колмаков, Антон Бондарев және Аяулым Әміренова жарыс жолына шығады. Команда үздігі, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева Алматыда өтетін додада сынға түседі деп жоспарланып отыр. 

Айта кетейік, фристайл-могулдан Қазақстан ұлттық құрамасын Елена Круглыхина жаттықтырады.