$ 444.14  477.05  4.85

Қазақ жігіті «Брагалона» футбол клубының құрылтайшысы болды

Қазақстан футболын дамыту үшін 32 жылда не жасалмады?

Фото: Фазылбек Әбсаттарұлының фейзбуктегі парақшасынан алынды
Фото: Фазылбек Әбсаттарұлының фейзбуктегі парақшасынан алынды

Португалиядан қазақ футболына қатысты жақсы жаңалық жетті. «Арландар» клубының президенті, футбол функционері Фазылбек Әбсаттарұлы Португалияның кәсіпқой футбол лигасында ойнап жүрген «Брагалона» футбол клубының құрылтайшысы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Португалия профессионал футбол лигасында ойнап жүрген Брагалона футбол клубына құрылтайшы болдым. Бұдан кейін Португалияда футбол клубтарыңыз бар. Бұл да бір Қазақстан үшін үлкен жетістік деп ойлаймын, – деп жазды ол.

Футбол функционерінің айтуынша, енді Қазақстан балаларына қарт құрлықтың футболына есік ашылады. Себебі, осы күнге дейін еліміздің жас футболшылары Еуропа елдерінің футбол федерацияларынан лицензия ала алмай, есіктері ашылмай жүрген еді. Бұдай кейін «Брагалона» футбол клубы арқылы лицензия алып, Еуропаның басқа футбол клубтарымен трансфер жасауға оңай болады.

Қазақстан футболын дамыту үшін 32 жылда не жасалмады? Барлық талпыныстар жасалды. Алайда мардымды нәтиже шықпаған еді. Себебі, футболды дамыту үшін футболы дамыған елдерге барып, барлығын үйрену керек. Білімін, тәжірибесін алу керек. Кезінде еліміз қайдағы бір Бразилияға бюджеттің қаншама қыруар қаржысы жұмсады. Сондықтан футболды ғылым арқылы дамытып отырған Еуропадан үйрену керек.

Біз қанша жерден «Бенфика», «Спортинг», «Аякс» секілді футбол академияларын Қазақстанда салсақ, ол жай ғимарат болып қалады. Оған «Қайрат» футбол академиясын мысалға келтіруге болады.  Әлемдік топ академиялар секілді салынғанмен, осы күнге дейін «Қайрат» академиясы бір де бір әлемдік футбол жұлдызын дайындай алмауы осыған себеп. Мысалы, Гарвард, Кембридж, Оксфорд секілді университеттер салғанымызбен, ондай жоғары оқу орны бола алмаймыз, – деді ол.

Оның пайымдауынша, Португалиядан бір қазақ азаматының футбол клубының құрылтайшысы болуы үлкен жетістік. Бұл жоғары атап өткеніміздей, Қазақстан балаларына Еуропа футболының есігі ашылады деген сөз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары