$ 494.87  520.65  4.91

«ВМП Астана» зауытының 90 пайыздан астам өнімі Ресейге экспортталады

Зауыт іске қосылғалы бері 10 жыл ішінде Ұлттық банк үшін 200 тоннадан астам таза алтын өндіріп, 80,5 тонна қымбат металға толлинг қызметін көрсеткен.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына арнайы экономикалық аймақта орналасқан «Тау-Кен Алтын», «Stadler Kazakhstаn», «DSS», «ЭНКО», «DUYQAZ», «ВМП Астана» және «MFA International» секілді жетекші кәсіпорындардың жетістіктері таныстырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құрамында қымбат металдар бар шикізатты өңдеумен және аффинаждаумен айналысатын «Тау-Кен Алтын» зауыты – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқаруындағы табысты кәсіпорындардың бірі. Зауыт іске қосылғалы бері 10 жыл ішінде Ұлттық банк үшін 200 тоннадан астам таза алтын өндіріп, 80,5 тонна қымбат металға толлинг қызметін көрсеткен.

Президентке таныстырылған тағы бір өндіріс орны – «Stadler Kazakhstаn» ЖШС. Кәсіпорынның негізі биыл швейцариялық Stadler Rail AG холдингімен инвестициялық келісім нәтижесінде қаланды. Теміржол көлігін шығаратын әлемдегі көшбасшы компания Қазақстанда жолаушы вагондарының өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Ең алдымен, зауыт өнімі отандық жылжымалы құрамды жаңартуға бағытталады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ үшін әртүрлі типтегі 500-ден аса вагон құрастырылмақ.

Индустриялық парктегі кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, олардың шығаратын өнімдері ішкі нарықта да, одан тысқары жерлерде де сұранысқа ие

«ВМП Астана» зауыты шығаратын коррозияға төзімді әрі өрттен қорғайтын лак-бояу жабындылары өнеркәсіптің түрлі секторында кеңінен қолданылады. Өнімнің 90 пайыздан астамы Ресейге экспортталады, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстан нарықтарына да шығарылады.

Елорданың құрылыс индустриясындағы жоғары сұраныс «ЭНКО» компаниясының жылумен және сумен қамтамасыз етуге арналған құрылғыларға қызмет көрсететін өндіріс-сервис кешенін ашуына ықпал етті.

Түркиялық «MFA MASKE TİCARET SANAYİ A. Ş» компаниясымен бірлесе шығарылатын FFP1, FFP2 және FFP3 санатындағы респираторлар да эпидемиялық қауіп күшейген кезеңде сұранысқа ие бұйымға айналды. Қазіргі таңда №1 Индустриялық парктің резиденті – «MFA International» компаниясы технологиялық өндірістік желілердің санын беске дейін арттырды. 2027 жылға дейін 10 өндіріс желісін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл компанияға жылына 20 миллион респираторға дейін өндіруге мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «DUYQAZ» ЖШС шығаратын әскери киім, «Cuman Digital System Servis» ЖШС өндіретін телекоммуникация құрылғыларының үлгілерімен, сондай-ақ  басқа да компаниялардың өнімдерімен танысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары