$ 498.34  519.72  4.85

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Антициклон солтүстік-шығысқа қарай жылжып, осыған байланысты аяз басылады. 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ауа райын бақылаушылардың мәліметінше, Қазақстан бойынша 16-18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Деректерге сай ел аймақтарында аяз беті қайтады.

Осы аптада Қазақстанның бірнеше аймағында аязды ауа райы сақталған еді. Алдағы күндері антициклон солтүстік-шығысқа қарай жылжып, осыған байланысты аяз басылады. Солтүстік Атлантикада пайда болған циклон жырасы республиканың батысынан жылжи бастайды. Сол себептен жауын-шашын мен қардың жаууы болжанып отыр. Салдарынан бұрқасын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Циклон кейін басқа аймақтарға да жылжиды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары