$ 443.37  474.49  4.83

Матчтан кейін қоқыс жинаған жанкүйерлерге көпшілік сүйсінді (ВИДЕО)

Видеодан олардың қағаз және пластик стақандарды, тәтті-дәмділердің орамдарын және басқа да қоқыстарды жинап жатқанын көруге болады.

 

Әдеттегідей ойын аяқталғаннан кейін жанкүйерлер мен еріктілер тобы бірден қоқыс жинауға кірісті. Олардың мұндай қадамы осыған дейін де жұрттың ыстық ықыласына бөленген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кадрлардан жанкүйерлердің, еріктілердің, сондай-ақ Астананың барлық белсенді тұрғындарының әрекетін көруге болады. Олар футзалдан Нидерланд еліне қарсы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңі-2024 матчынан кейін қағаз және пластик стақандарды, тәтті-дәмділердің орамдарын және басқа да қоқыстарды жинап жатқанын көруге болады.

Тазалық жұмысына «Астана Жастары» КММ белсенділері мен еріктілері, елорданың барлық жанашыр тұрғыны қосылды. 

Еске салсақ, кеше футзалдан Қазақстан-Нидерланд матчында Қазақстан Ұлттық құрамасы жеңіске жетіп, әлем чемпионатына жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары