Мұнда 416 адамға арналған көрермендер трибунасы, жаттығу залы, медицина кабинеті, бапкерлер мен төрешілер бөлмесі бар.
Елорда нысандарын аралау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ADD Table Tennis Center Astana үстел теннисі орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысына аталған орталықтың Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) талаптарына толық сай келетіні жөнінде мәлімет берілді. Спорт нысанында республикалық және халықаралық турнирлер өткізуге, сондай-ақ еліміздің ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыруға болады.
Жалпы ауданы 3700 шаршы метрді құрайтын орталық жарыс кезінде 16, ал жаттығу кезінде 26 теннис үстелін қоюға есептелген.
Сонымен қатар мұнда 416 адамға арналған көрермендер трибунасы, жаттығу залы, медицина кабинеті, бапкерлер мен төрешілер бөлмесі бар.
Әрбір облыс орталығында үстел теннисіне арналған залдар болуы керек. Халық спортпен шұғылдануы қажет, – деді Президент.