17.12.2023, 05:30

«Маған ана керек». Бельгиялық әйел асырап алған қазақ жігіті жантебірентер жазба жариялады

Фото: әлеуметтік желідегі парақшасынан

Сенің есіміңді ешкімге айтпаймын, ешқайда атамаймын. Ана, өтінемін, маған хат жазшы.

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тарған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр. Шетелдегі қазақ баласы анасына қатысты жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мұрат жазбасында анасын кінәламайтынын айтты.

Ана, оқып отырсаң, мен сені кінәламайтынымды біл. Сенің есіміңді ешкімге айтпаймын, ешқайда атамаймын. Ана, өтінемін, маған хат жазшы. Қорықпашы, мен сенің ұлыңмын. Маған ана керек, - деп жазды ол.