$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда қоғам белсендісі құтқарған қоқиқаз балапандарының бірі өліп қалды

Қап, бір өкініш өзегімді өртейді, оны ұшуға дейін жақсылап дайындауыма болар еді деген.

Фото: Instagram/azamat_sarsenbayev
Фото: Instagram/azamat_sarsenbayev

Қоғам қайраткері Азамат Сәрсенбаев желіде өзі құтқарған балапандардың бірі Алматыдағы хайуанаттар бағына жетпегенін, жолды көтере алмағынын жазды , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Ақтау портынан шала-жансар күйде тауып алған балапаны жолды көтере алмай өліп қалғанын айтады.

Тауып алғанда ол шала-жансар күйде еді, екі күн бойы тамақ ішпеді, суық ангарда болды. Өкінішті, ветеринарлар келгенге дейін оны жақсылап тамақтандыруым керек пе еді?... Қап, бір өкініш өзегімді өртейді, оны ұшуға дейін жақсылап дайындауыма болар еді деген. Өте өкінішті. Бірақ, соған қарамастан, балапандардың бірі аман (оны бір аптаға жуық уақыт бойы күтіп-баптағам), қазір ол хайуанаттар бағында, соған да шүкір, – деп жазды блогер Instagram-да.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: Қызыл кітапқа енген қоқиқазды құтқарған ақтаулық блогер жауапқа тартылмақ 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары