Атырауда күндіз қалың қар жауады, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
17 желтоқсанда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 8 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Түнде Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Шымкентте түнде тұман болады деп болжанады.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Атырауда күндіз қалың қар жауады, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман болады деп күтіледі. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Петропавлда да оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.