$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте бір топ жігіт бес баланың әкесін ұрып өлтірген

Бір топ жастар мен азамат арасындағы кикілжің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкентте жастар 39 жастағы ер адамды соққының астына алып өлтірген. Сот үкімімен күдікке ілінген жалғыз азамат сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда,бұл шешіммен марқұмның әйелі келіспейді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бес баламен жесір қалған әйел тағы үш жасөспірімнің жазадан сытылып кеткеніне наразы. 

Қайғылы жағдай 2023 жылдың қыркүйегінде таңғы сағат 04:00 шамасында болған. 39 жастағы Толқын Абдурахманов пен 11-сынып оқушыларының арасында көшеде жанжал туындайды. Кейін төбелеске 20 жастағы тағы екі жігіт қосылады. Осы жағдайдан кейін бес баланың әкесі оқиға орнында қайтыс болады.

Бір топ жастар мен азамат арасындағы кикілжің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Дегенмен адам өлімімен аяқталған бұл істе олардың біреуі ғана күдікке ілініп, 8 жылға сотталды. Судья сөзінше, сотталушы соққысынан кейін марқұмның миына қан құйылған. Ал төбелеске қатысқан өзге жасөспірімдер сотқа куәгер ретінде қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары