$ 444.14  477.05  4.85

Дональд Трамп Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегін тамашалауға барды

Ол бір сөзінде: «Мен мықты жауынгерлер мен тамаша жекпе-жектерді жақсы көремін”, деген еді.

Фото: vesti.kz
Фото: vesti.kz

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп UFC турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсонның жекпе-жегін тамашалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дональд Трамп көптен бері аралас жекпе-жектің жанкүйері екені белгілі. Ол бір сөзінде: «Мен мықты жауынгерлер мен тамаша жекпе-жектерді жақсы көремін”, деген еді, деп жазды Ulysmedia.kz.

Естеріңізге салсақ, бүгін Лас-Вегас төрінде UFC 296 жекпе-жегінде Шавкат американдық Стивен Томпсонды екінші раундта жеңді.

Шавкат екінші раундтың соңында тұншықтырғыш әдісін сәтті жасады. Жалпы, екі раунд та отандасымыздың айқын басымдығымен өткенін еске саламыз.

Жекпе-жектен кейін Рахмонов Леон Эдвардс-Колби Ковингтон арасындағы жекпе-жектің жеңімпазын төбелесуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары