Республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 344 техника жұмылдырылды.
17 желтоқсан сағат 19.00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты 4 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАвтоЖолдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысында «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолы; Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы; Жетісу облысында «Үшарал - Достық» автожолы; Маңғыстау облысында «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайотес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» және «Бейнеу-Ақжігіт-гр.Өзбекстан автожолдары үшін көліктің барлық түрлеріне шектеу қолданылады.Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 344 техника жұмылдырылды.