$ 494.87  520.65  4.91

Құйрық майдың біз білмейтін пайдасы

Денеге қатты суық өткен кезде ұйықтар алдында табанға жағып жатса, таңға дейін денедегі суықты алады.

Фото: newqazaq.kz
Фото: newqazaq.kz

Қой - қазақтың қазынасы. Бұрынғы ата-бабаларымыз қой бағып күн көрген. Ол кезде қазіргідей медицина дамымағаны бәрімізге мәлім. Ауырған шағында табиғаттағы әр өнімді дәрілік тұрғыдан пайдаланып жүрген. Ал осы тұста әлі күнге дейін сақталып келе жатқан дәрілік табиғи өнім - қойдың құйрық майы. Сіз бұл жайлы не білесіз?

Жалпы, қойдың майы 3 түрге бөлінеді. Олар: құйрық май, шарбы май және бүйрек май. Алайда дәрілік мақсатында көбіне құйрық май қолданады.

Құйрық майдың емдік қасиеттері: Жөтелді басып, қақырықты босату үшін құйрық майды шыжғыртып, 50г мөлшерінде ыстықтай ішеді.
Тұмаудан болған созылмалы жөтелге құйрық майды ыстық сүтке қосып ішеді.

Жаңа туған бөбектерді әр жетіде бір рет тұзды суға шомылдырғаннан кейін, суықтан сақтану және теріні жұмсарту мақсатында қой майымен сылайды.

Балаларға тұмау тиіп жөтелгенде, алқымды, алақанды, табанды қойдың жылы майымен сыласа, сауығады.

Ішуге және денедегі тері ауруына қолдану үшін қойдың майына дәрі өлтіреді.

Денеге қатты суық өткен кезде ұйықтар алдында табанға жағып жатса, таңға дейін денедегі суықты алады. Ұйқыңыз тынышталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары