$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында екі адам мұз астына түсіп кеткен

Патрульдік полицейлер Нұрлан Шукманов пен Руслан Кужахметов мұз үстімен жорғалап, тереңдігі шамамен 6 метрлік суға секірді.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында полицейлер мұз астынан екі адамды шығарып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

16 желтоқсан кешкі сағат 20:00 шамасында 31 және 51 жастағы екі жергілікті тұрғын Шортанды өзені арқылы үйге баратын жолды кесіп өтуге шешім қабылдаған. Салдарынан мұз опырылып суға түсіп кетті.

Төрт полиция қызметкері оқиға орнына 4 минут ішінде келді. Құтқару кезінде құтқару тростары мен жилеттер пайдаланылды. Тәртіп сақшыларына тез әрекет ету керек болды.

Патрульдік полицейлер Нұрлан Шукманов пен Руслан Кужахметов мұз үстімен жорғалап, тереңдігі шамамен 6 метрлік суға секірді. Олар ер адамдарды тез арада жоғарыға қарай итеріп, қалған екі полиция қызметкері кезек-кезек барлығын судан жағаға шығарған тросты ұстап тұрды.

Ер адамдарды жедел жәрдем алып кетті. Олардың жағдайы тұрақты. Қазір дәрігерлердің бақылауында.

Полицейлер суға түскен формасын ауыстырып, қызметін жалғастырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары