$ 443.35  475.54  4.82

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Апат салдарынан екі көліктегі жолаушылар сол жерде қайтыс болды.

Фото: Massaget.kz
Фото: Massaget.kz

Қостанай облысындағы жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.  

17 желтоқсанда сағат 20:20 шамасында Қостанай - Сарыкөл автожолында Тобыл қаласынан 10 шақырым жерде Nissan автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, Lada Granta көлігімен соқтығысқан. Бұл туралы өңірдің ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Апат салдарынан екі көліктегі жолаушылар сол жерде қайтыс болды. Жүргізушілер әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Осы факті бойынша полиция ҚК - нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша "Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлады полиция.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары