Шын мәнінде маған "Аллажарды" көтеруге көмектескен - Иманғали Тасмағамбетов.
1986 жылдың желтоқсанында қазақ жастары қазаққа - қазақтан басшы керек деп талап қойып, Мәскеуге қарсы көтерілді. Сол Желтоқсан көтерілісі туралы "Аллажар" фильмін түсірген белгілі режиссері Қалбыдай Әбеновтың естелігін Skifnews.kz ақпарат порталының оқырмандарына ұсынуды жөн көрдік.
Шын мәнінде маған "Аллажарды" көтеруге көмектескен - Иманғали Тасмағамбетов. Имекең сол кезде Қажыгелдиннен кейінгі үшінші адам ғой. Бірақ, Қажыгелдин "Аллажарға" бірден қарсы болған адам. Ал, Имекең сол кезде Қажыгелдинді айналып өтіп Назарбаевқа тікелей шығыпты.
Жалпы, Иманғали қазақ саясаткерлерінің арасындағы еліне жанашыр азамат. Өзім оның еңбегін жоғары бағалаймын. Ол 2006 жылы Желтоқсанға 20 жыл толғанда да, бізге көп көмегін тигізді.
Әрине, сол жылы болған Шаңырақ оқиғасы Имекеңнің үлкен қателігі болды. Мен ол кезде Иманғалиға тікелей қарсы шықтым. Сол оқиғада менің досым Арон Атабек сотталды ғой. Мен оның қоғамдық қорғаушысы болдым. Бірақ, сол қарсы шыққанымда көмекшісі Аида Балаева "Сіз бекер істедіңіз. Ол кісі сізді жақсы көреді" деді.