18.12.2023, 22:30

Шымкентте көпқабатты үйде өрт шығып, 50-ден астам адам эвакуацияланды

Фото: ТЖД

Тұрғын үйдің 10-қабатында 17 шаршы метр болатын ас үй мен лоджия өртенді.

Шымкентте көпқабатты үйде өрт шығып, 50-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2023 жылғы 18 желтоқсанда 14:10-да Тұран ауданы Қонаев даңғылы 91-үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Тұрғын үйдің 10-қабатында 17 шаршы метр болатын ас үй мен лоджия өртенді.

Өрт 14:48-де сөндірілді. Баспалдақпен екі адам құтқарылды. Баспалдақ маршымен 50 адам өз бетінше эвакуацияланды, - делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр.