$ 494.95  525.49  5.05

Сот Қайрат Сатыбалдыны мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Ведомство оның тәртіп бұзушылығы барын, әзірге іс-әрекеті тұрақсыз екенін алға тартты.

Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қайрат Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы арызы қанағаттандырылмады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сотталған Қайрат Сатыбалдының жазаны шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылмады, - делінген хабарламада. 

Сот Қайрат Сатыбалдының тәртіп бұзушылығы барын, әзірге іс-әрекеті тұрақсыз екенін алға тартты.

Айта кетейік, былтыр қыркүйекте Қайрат Сатыбалдыұлы 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сот Қайрат Сатыбалдыұлына мүлкін тәркілей отырып, сонымен бірге мемлекеттік қызметте, Ұлттық банкте, Ұлттық компанияларда және басқа да мекемелерде 10 жыл бойы лауазымды қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 5
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары