$ 522.49  547.88  5.06

Биыл 20 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 19 476 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 126,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (51,9%) Өзбекстаннан, 19,6% – Қытайдан, 10,8% – Моңғолиядан , 8,5% – Түрікменстаннан, 7,2% –Ресейден және 2% басқа елдерден.

Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,9%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3%-ы жоғары білімді, 33,6%-ы орта кәсіби білімді, 42,8%-ы жалпы орта білімді, және 8,3% білім жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 337 адамды құрайды. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 053 қандас қоныс аударды.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан бері 1630 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 614 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1630 адам біржолғы субсидия алды, ал 513 қандасқа тұрғын үй шығындары субсидияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары